Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 24 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14977 болып тіркелген, 2017 жылдың  7 сәуірінде Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік қызметінің стандарты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

міндетін атқарушы                                                                           Б. Асылов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, қорғаныс және

аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 16.04.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 18537 болып енгізілді