Жоба Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 72 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында өтініштерді қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 72 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:  

1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында өтініштерді қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 72 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17084 тіркелген, 2018 жылғы 22 маусымда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

26-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсы

«6) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің жауаптары бар өтініштерді;»;

6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) облыс прокурорының немесе оған теңестірілген прокурордың, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің төрағасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуы туралы жауаптары бар өтініштерді;».

 2. Бас прокуратураның өтініштер және іс жүргізу жөніндегі  құрылымдық бөлімшесі:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы прокуратурасы ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жолдауды қамтамасыз етсін.        

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы прокуратурасы ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының                                                  

Бас Прокуроры                                                                               Ғ. Нұрдәулетов

 

ТіркемеКөлем
File Салыстырмалы кесте31.45 KB