Жоба Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Жоба  Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы   «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабы 6) және 11) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13657 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және өту қағидаларында: 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;  «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13659 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:  «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің   білім беру бағдарламалары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің   білім беру бағдарламалары бойынша үлгілік оқу жоспарлары: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 7М04201 – Құқықтану (бейіндік бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 7М04203 – Құқықтану (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 7М12301 – Құқық қорғау қызметі (бейіндік бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 7М12303 – Құқық қорғау қызметі (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 8Д04201 «Құқықтану» (ғылыми-педагогикалық бағыт) және 8Д04202 ««Құқықтану» (бейіндік бағыт ) білім беру бағдарламалары бойынша үлгілік оқу жоспары; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 8Д12301 «Құқық қорғау қызметі» (ғылыми-педагогикалық бағыт) және 8Д12302 «Құқық қорғау қызметі» (бейімдік бағыт ) білім беру бағдарламалары бойынша үлгілік оқу жоспары бекітілсін.»; 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 3-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 4-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 5-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 6-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 22. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры                                                                                Ғ. Нұрдәулетов  

«КЕЛІСІЛДІ»   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі                                      

К. Шамшидинова   2019 жылғы «__» _________________          

 

ТіркемеКөлем
File Қосымша55.04 KB