«Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №10596 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры                                                                          Ғ. Нұрдәулетов

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі
___________ А. Смайылов

«__» _______ 2019 ж.

 

ТіркемеКөлем
File Салыстырмалы кесте17.5 KB