Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

 «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. «Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы
    1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақта мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

  «7-1) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықты өту уақыты аяқталған және адамды құқық қорғау органында лауазымға тағайындаған жағдайда;».

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.  

 

 

Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі                                                                         А. Мамин

 

 

 

 

ТіркемеКөлем
File Салыстырмалы кесте22.27 KB