Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы №60 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы №60 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 мамырда №16894 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы Заңына және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының толықтырулар енгізілетін бұйрығы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік мүдделерді қорғау қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры                                                                              Қ. Қожамжаров

 

 «Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерін, заңды күшіне енген сот актілерін, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру бойынша қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығына төмендегі толықтырулар енгізілсін.

54-тармағын 7, 8 және 9-абзацтарымен толықтырылып, мынадай редакцияда жазылсын:

7. «Азаматтық іс жүргізу кодексінің 252 - бабына сәйкес, прокурор өз құзыреті шегінде сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттерін орындау туралы қаулыларын санкциялайды. Қала немесе аудан сот орындаушысымен санкциялау жөніндегі қаулысы атқару құжатын орындау орны бойынша жолданады.  Атқарушылық әрекеттерге санкция беру және оны бермеу тәртібі Азаматтық іс жүргізу кодексімен реттеледі». 

8. «Прокурордың атқарушылық әрекеттеріне санкция бермеу туралы қаулысын Бас Прокурор және оның орынбасарлары, мемлекеттік мүдделерді қорғау қызметінің бастығы мен орынбасарлары, облыс прокуроры мен орынбасарлары қабылдайды».

9. «Әскери және көлік прокурорлары санкцияны атқарушылық іс жүргізуді орындауға ұсынылған орны бойынша береді». Атқарушылық құжаттарды беру орны бойынша мамандандырылған прокуратуралар болмаған жағдайда, санкцияны тиісті аумақтық прокурорлар береді».

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры                                                                             Қ. Қожамжаров