Прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу тәртібі өзгертілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың 2020 жылғы 20 мамырдағы №65 бұйрығымен Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Бас Прокурордың 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №156 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілді.

Бұйрық аға басшы құрамның лауазымдарына іріктеу тәртібін ғана белгілейді, себебі қатардағы, кіші және орта басшы құрамның лауазымдарына іріктеу алғашқы кәсіби даярлық арқылы жүзеге асырылатын және құқық қорғау органдарының бірлескен актісімен реттелетін болады.

Сонымен бірге бұйрықпен ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларында полиграфологиялық зерттеу жүргізу алып тасталады (өзіміздің бөлімшелерімізде жүргізілетін болады).

Бұйрық Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда  тіркелді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.