Павлодар облысының прокуратурасы бірлік бос лауазымдық қызмет орындарына конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Павлодар облысының прокуратурасы, 140000, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 3-үй, анықтама телефоны 8(7182) 31-51-11, 31-50-80, эл.мекенжайы 7182380@prokuror.kz, Екібастұз қаласы прокуратурасында 2 бірлік, Баянауыл ауданы прокуратурасында 1 бірлік, Ақтоғай ауданы прокуратурасында 1 бірлік бос лауазымдық қызмет орындарына конкурс жариялайды.

Лауазым санаты:

Екібастұз қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры (C-RGP-5), Баянауыл ауданы прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5), Ақтоғай  ауданы прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5).

 Еңбекақы төлеу  мөлшері мен шарты қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (еңбекақысы 125 826 (1 жүз жиырма бес мың сегіз  жүз жиырма алты теңге).

Функционалдық міндеттері: қоғамдық мүддені қорғау бойынша, үкімдердің орындалуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету, сондай-ақ  мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

білімі – жоғары кәсіби, нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келуі тиіс немесе жоғары заңгерлік;

құқық қорғау органдарында қызметін өтеуге денсаулығы бойынша жарамдылығы;

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындауға қажетті міндетті білімінің, дағдылары мен қабілеттерінің болуы;

Құжаттар тізбесі:

1) Өтініш (Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

2) сауалнама (Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (нақты мекенжайы мен телефондары, соның ішінде байланыс телефондары көрсетілген);

4) өз қолымен жазып және басып шығарған толық өмірбаяны, туған-туысқандары, соның ішінде бұрынғы жұбайлары да көрсетілуі тиіс (Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

5) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, нотариалды түрде расталған;

6) білімі туралы құжат көшірмесі, нотариалды түрде расталған;

7) еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі, нотариалды түрде расталған;

8) әскери билет көшірмесі немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлік;

9) өлшемі 3х4 сурет (3 дана);

10) азаматтың және оның жұбайының кірісі мен мүлкі туралы мекенжайы бойынша салық органына тапсырған декларациясын растайтын құжаттар;

11) қолданыстағы заңнама нормаларын білуі туралы компьютерлік тестілеу нәтижелері, конкурсқа қатысу үшін құжаттарын тапсыру кезеңіне жарамды тестілеудің шектеулі мәнінен төмен емес;

12) медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту нәтижелері, соның ішінде прокуратура органдарындағы қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда полиграфологиялық зерттеуден және міндетті арнайы тексеруден өту нәтижелері;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығының жоқтығы, бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылуы жоқ екендігі туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс орнынан (оқу орнынан) мінездеме.

Азаматтар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі мен іскерлік атағына қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежесі мен атағы туралы құжаттар көшірмесін, мінездеме, ұсыныс, ғылыми жарияланымдарын) ұсына алады.

Аталған құжаттардың бірінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, мекенжайы - Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 3.

Құжат тізбесінде көрсетілген қосымшалар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларында бар.

 

Павлодар облысының прокуратурасы