Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бос лауазым орынына конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, Шымкент қаласы,

Тауке хан даңғылы, 97, пошталық индексі 160000, тел.8 (7252) 53-47-42,  факс 8 (7252) 53-47-42 бос лауазым орынына конкурс жариялайды:

C-RGP-5 санатындағы  Бәйдібек ауданы прокуратурасының прокуроры  (1 бірлік);

C-RGP-5 санатындағы  Арыс ауданы прокуратурасының прокуроры  (1 бірлік);

C-RGP-5 санатындағы  Отырар ауданы прокуратурасының прокуроры  (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: қоғамдық мүддені қорғау бойынша салада, қылмыстық қудалау саласында, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерінің және атқарушылық өндірісінің, жазаның орындалуы және азаматтарды ақтау заңдылығына, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеуші тұлғалардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру, қылмыстық істер бойынша сотта мемлекеттік айыптауды қолдау, соттарда азаматтық және әкімшілік істерді қарауда қатысу және басқалар. Негізгі міндеттерден басқа, прокуратура органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын міндеттерді орындау.     

Еңбек ақысының көлемi және шарттары қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді (ай сайын 76 274 теңгеден бастап).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – нақты лауазымның  функционалдық бағыттарына сәйкес - жоғары заңгер; құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті білімі мен дағдысының болуы.

Құжаттарды қабылдау - конкурс өткізу туралы хабарламаның соңғы жариялау күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде: Шымкент қаласы Тауке хан даңғылы, 97 (БӨП) мекен-жайында жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар келесі құжаттарды ұсынады:  

  1. Нысанға сәйкес өтініш;
  2. Нысанға сәйкес сауалнама;
  3. Нысан бойынша толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы  (тұрғылықты тұратын мекен-жайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып);
  4. жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;
  5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  6. Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  7. Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  8. Әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
  9. 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;
  10. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;
  11. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;
  12. Прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;
  13. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;
  14. Соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.