Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өтетінін хабарлайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

конкурстың барлық қатысушыларына арналған жалпы біліктілік талаптары:

 

С-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен тіркелген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақылары:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына қарай

min

max

С-4

138 244

186 526

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (анықтама телефондары: 8 (71651) 68016, 87755781087, e-mail: 7172301@prokuror.kz) «Б» корпусының мынадай бос (уақытша бос) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

1. Құқық қорғау органдары академиясы Ұйымдастыру-бақылау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша бос лауазым 31-1-04).

Функционалдық міндеттері: Академияның құрылымдық бөлімшелеріндегі құжат айналымын және іс жүргізуді жүргізу; қызметкерлердің ақпараттық жүйелердегі (БАТЖ «Қадағалау», ЭҚАБЖ) тапсырмалардың орындалуына мониториг жүргізу және олардың уақтылы орындалуы бойынша ұсыныстар енгізу; қызметтік құжаттарды талдау және мониторинг жүргізу; орындалған құжаттарды істер мен қадағалау өндірісіне қалыптастыру және оларды сақтауға мұрағатқа тапсыру; номенклатуралық істерді әзірлеуге қатысу және оның дұрыс қолданылуын бақылау; іс жүргізу саласындағы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды өңдеу және енгізу; құрылымдық бөлімшелердегі қызметтік құжаттардың (кіріс, шығыс) уақтылы орындалуына бақылауды, өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

2. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы,  С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша бос лауазым 31-4-04).

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есептің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, қаржыландыру жоспарының орындалғаны туралы тоқсандық және жылдық есептер береді; құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылықтарына алдын ала бақылауды жүзеге асырады; ашық лимиттерге және олардың нысаналы тағайындалуына сәйкес қаражаттардың және материалдық құндылықтардың сақталуын бақылайды; тауарлы-материалдық запастардың, активтердің құжаттарын есепке алу бойынша бақылауды жасайды; ақшалай қаражаттардың және басқа тауарлы-материалдық құндылықтардың қозғалыстарына байланысты операцияларды үйлестіреді; бухгалтерлік есептің уақтылы берілуіне бақылау жасайды; синтетикалық және аналитикалық есеп бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, айналым ведомстарының әрбір аналитикалық есебі және «Бас журнал» қосалқы шот кітабындағы айналымдар жиынтығы мен қалдықтары бойынша айналымдар мен қалдықтардың жиынтығын салыстыра тексереді; есеп айырысу шоттарындағы ақшалай қаражат қозғалысы бойынша операцияларды есепке алуды жүргізеді; ақылы қызметтердің уақтылы есептелуіне бақылау жасайды; ақшалай қаражаттың уақытша таралуына және шетел валютасындағы шоттарға бақылау жасайды; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.  .

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

3. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы,  С-4 санаты, 1 бірлік (31-4-08).

Функционалдық міндеттері: Бағдарламалар бойынша міндеттемелер және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар паспорттарын әзірлейді және бекітеді; бюджеттен қаржыландыру бөлігіндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; бекітілген паспорттарға сәйкес бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау жасайды және бекітілген паспорттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді; қолданыстағы заңнамаға сәйкес штаттық және штаттан тыс жұмыскерлерге еңбекақы төлеуін жоспарлау мәселелері бойынша есептеулер дайындайды; айларға бөле отырып, бағдарламалар және ерекшеліктер бөлігіндегі міндеттемелер бойынша жеке жоспарларын қалыптастырады; төлемдер және қаржыландырудың жеке жоспарын түзету жөніндегі ұсыныстар жиынтығын жүзеге асырады; қажеттілікке сәйкес, бағдарламалар шегінде өтетін міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке жоспарлардың қайта есептеулерін жүзеге асырады; міндеттемелер және төлемдер бойынша бюджеттік қаражатты игеру бойынша экономикалық талдау өткізеді; бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алдағы үш жылда Академияның ағымдағы бюджеттік бағдарламасы бойынша Бюджеттік өтінім жобасын қалыптастырады; почта шығыстарына бөлінген бюджет қаражатын пайдалануының талдауын жасайды; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

4. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы,  С-4 санаты, 1 бірлік (31-4-03).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін реттейтін нормативтік құқықтың актілерді әзірлеуге және келісуге катысады; жоспарланған және өткізілген мемлекеттік сатып алулар мониторингісін құрады; өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша есептерді дайындайды және тапсырады; мемлекеттік сатып алуларды өткізу туралы бұйрықтар жобаларының әзірлеуіне және оларды бекітуге енгізулеріне қатысады; тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы шартының жобасын жасауға және қарауға қатысады; мемлекеттік сатып алу ресімдерін өткізуге қатысады; мемлекеттік сатып алу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады; мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың қолданылу практикасының талдауын өткізеді және қорытады; өткізілген сатып алулар нәтижелері бойынша аналитикалық материалдар дайындайды; бюджеттік бағдарламалар шегінде жүзеге асырылатын, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуларын ұйымдастырады және өткізеді; мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды дайындайды және енгізеді; мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы қолдану мәселелері жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

5. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (31-4-06).

Функционалдық міндеттері: 072 «Қоймадағы жеңіл киім-кешек, төсек жабдықтары, киім және аяқ киім» қосалқы шоты бойынша нысанды киім кию жөніндегі аналитикалық есебін жүргізеді; Академияның оперативтік қызметкерлерінің жеке карточкаларын жүргізеді; нысанды киім кию үлгісінің қозғалысын бақылайды, қоймадағы нысанды киім үлгісінің түгендеуін өткізеді, сақталу және пайдалану орындарында активтердің сақталуларына бақылауды жүзеге асырады; 020 «Активтердің тозуы», 021 «Материалдық емес активтердің тозуы»; 010, 011, 013, 014, 016, 018, 019 шоттары бойынша активтердің және материалдық емес активтердің есепке алуларын жүргізеді; №16 «Басқа есептер бойынша жинақтау ведомосы» активтері бойынша мемориалдық ордерлерін құрайды; прокуратура органдарында активтер қозғалыстарын келіп түсуін, ауысуын, шығуын, өтеусіз берілуін бақылайды; «Активтердің қозғалыстары туралы» №5 есеп нысанын бухгалтерлік балансқа дайындайды; түгендеу комиссиясының жұмысына қатысады, активтердің есептен шығарылуын өткізеді; Активтер түскен кезде активтерді есепке алуға қабылдауын жүргізеді; активтердің жылдық ұсталуын есептеу, активтер бойынша ЕТБЖ есептерін уақтылы тапсырады; жауапкершілігіндегі құндылықтарды есепке алады және сақтау мәселелері бойынша материалдық жауапты адамдарға нұсқаулық өткізеді; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.  

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 53-тармағына сәйкес (Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурсқа қатысу үшін негізгі құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (қоса беріліп отыр);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттар конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру шыққан күннен бастап 3 ЖҰМЫС КҮНІ ішінде тапсырылу қажет. 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

 

 

 

 

 

_______________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________

 

 

 

________                                     ____________________________________

(қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

"___"_______________ 20 __ ж.