Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру

         Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы, 040000, Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі 160/164, анықтама телефондары: (7282) 24-10-40, 24-11-38, бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

- азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры (C-OКGP-7) - 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері:

- №1 «Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша прокурордың жұмысы туралы» есепті, облыстың қалалары мен аудандары қиығында қалыптастырады;

- №5 «Сот қаулыларының және атқарушылық өндірістің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың жағдайы туралы» есепті қалыптастырады;

- экстремистік, террористік қызметпен, сондай-ақ экстремизм, терроризм қызметімен байланысты қылмыстар жасағаны үшін сотталған тұлғалар туралы мәліметтерді қалыптастырады;

- белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдарды есепке алуды жүзеге асырады.

Еңбек ақысының көлемі және жағдайы: 87069 (сексен жеті мың алпыс тоғыз) теңге, айсайын, жалақы төлеу кестесіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін, денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

Құжаттарды қабылдау мерзімі және орны: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасында конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде, Алматы облысы Талдықорған қаласы Абылайхан көшесі, 160/164 мекенжайы бойынша, тел. 24-10-40, 24-11-38.

- қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры (C-OКGP-7) - 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері:

        - тегі бойынша картотека жұмыстарын ұйымдастырады, тұтқындалған тұлғаларға қатысты есептік карточкаларды тегі бойынша картотекаға қабылдауды, өңдеуді және қосуды жүзеге асырады, есептік карточкаларды сақтау мерзімі бойынша уақытылы алып тұруды қамтамасыз етеді;

        - айыпталушы ретінде жауапқа тартылған тұлғаларға қатысты тектік-есептік карточкаларды «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне енгізуді жүзеге асырады;

- пробация қызметінен келіп түскен, сотталғандар (қамауға алынғандар) туралы карточкалар мен хабарламаларды қабылдауды, өңдеуді және орталықтандырылған есепке қоюға жіберуді жүзеге асырады;

         - 10-а нысанды "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерінің жағдайы туралы мәліметтер" есебін қалыптастырады;

         - түзету мекемелерінен және пробация қызметінен келіп түсетін электрондық хабарламаларды өңдеуді және салыстыруды жүзеге асырады.

Еңбек ақысының көлемі және жағдайы: 87069 (сексен жеті мың алпыс тоғыз) теңге, айсайын, жалақы төлеу кестесіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін, денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі және орны: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасында конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде, Алматы облысы Талдықорған қаласы Абылайхан көшесі, 160/164 мекенжайы бойынша, тел. 24-10-40, 24-11-38.

Конкурс келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі:

 

1) ҚР БП 2014 жылғы 04 мамырдағы №40 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

 2) ҚР БП 2014 жылғы 04 мамырдағы №40 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама;

3) ҚР БП 2014 жылғы 04 мамырдағы №40 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, ҚР БП 2014 жылғы 04 мамырдағы №40 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

5) Қазақстан Республикасы  азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

 6)  бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттік кіріс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін  әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.