Қазақстан және Солтүстік Македония қылмыстылықпен күресте өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты

22 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстан және Солтүстік Македония қылмыстылықпен күресте өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты - 125269144

А.ж. 22 тамызда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің Солтүстік Македонияға жұмыс сапары шеңберінде елдің Әділет министрі Рената Дескоскаямен кездесуі өтті. 

Тараптар қылмыстылықпен күрес саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.     

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар шарттарға қол қойылды - тұлғаларды беру туралы, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы, сондай-ақ сотталғандарды беру туралы.

Аталған халықаралық келісімдер екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының өзара ынтымақтастығын нығайтуға және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл жасау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында маңызды үлес қосуға бағытталғаны айтылған. 

Ғ. Нұрдәулетовтің пікірі бойынша, осындай шарттарды жасасу еуропалық қоғамдастық тарапынан Қазақстанның құқықтық жүйесіне деген сенімінің, біздің елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін қамтамасыз етудің жалпыға танылған халықаралық стандарттарына жауап беретін құқықтық тетіктердің бар-жоғының айғағы болып табылады. 

Сапар аясында Қазақстанның Бас Прокуроры Солтүстік Македонияның Бас прокуроры Любомир Йовескимен кездесті. 

Қадағалау ведомстволарының басшылары трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықты алдын алу және оның жолын кесу бойынша үйлестірілген іс-әрекеттердің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ өзара іс-қимылдың одан әрі қадамдарын белгіледі.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қазақстан және Солтүстік Македония қылмыстылықпен күресте өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты - 1127138049

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу