Бас прокуратурада Бизнесті қорғау бойынша кезекті форум өтті

15 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада Бизнесті қорғау бойынша кезекті форум өтті - 1233593576

Астана, 2018 жылғы 15 қараша. Бүгін Бас про­куратура «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты бизнесті қорғау бойынша                III Форумды өткізді.

Оған Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастығының және                БАҚ-тың өкілдері қатысты.

Бас Прокурор іс-шараны аша отырып, қатысушылардың назарын Мемлекет басшысының бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды одан әрі арттыру жөніндегі тапсырмасы бойынша қабылданып жатқан шараларға аударды.

Ұлттық палатамен бірлесе отырып, екі жол картасының іске асырылғаны, негізгі бағыттар бойынша 200-ге жуық іс-шараның орындалғаны атап өтілді.

Бизнес субъектілерін тексерулердің жүйелі түрде қысқаруы әкімшілік қысымның азайғанын көрсетеді (2016 ж. – 242 мың, 2017 ж. – 225 мың, 2018 ж. 10 айында– 188 мың), бұған көбінесе жоспарлы тексерулерден бас тарту және кәсіпкерлердің қызметіне түрлі талаптарды 60%-ға (31 мыңнан 13 мыңға дейін) барынша азайту арқылы қол жеткізілді.

Заңсыз тексерулер бір жарым есеге азайған (2015 ж. – 1270, 2016 ж. – 993, 2017 ж. – 979, 2018 ж. 10 айында – 747).

Заңсыз араласу жағдайларының алдын алу үшін прокуратура органдары тексерулердің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – Тексеру субъектілері мен объектілердің бірыңғай тізілімін іске қосты.              Ол іс жүзінде тәуекелдерді бағалау арқылы заңсыз тексерулердің тағайындалуын болдырмайды және бақылау объектісін адамның қатысуынсыз дербес айқындайды.

Репрессивтігін азайту және кәсіпкерлерді қылмыстық процеске негізсіз тартуға жол бермеу мақсатында экономикалық қылмыстарды ізгілендірудің екі кезеңі жүргізілді. 23 бап бойынша қылмыстық жазалардың мөлшерлері азайтылды, олардың балама түрлері енгізілді.

Бизнес субъектілерін сотқа дейін қамауға алуға тыйым салу белгіленді және залалды өтеген кезде оларды  қылмыстық жауаптылықтан босату қарастырылған.

Нәтижесінде экономикалық қылмыстар бойынша тергеп-тексерілген істер 5 есеге азайған (2016 ж. – 5549, 2017 ж. – 1688, 2018 ж. – 1744).

Бас прокуратура Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды одан әрі ізгілендіру бойынша түзетулердің жаңа блогын әзірледі.

Салық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудың шегі артып келеді (ірі залал 50 мыңға дейін, аса ірі –75 мың АЕК-ке дейін).

Сонымен қатар, қосымша түрде қылмыстардың 3 құрамы бойынша (бухгалтерлік есепті бұзу, шетелдегі ақшаны қайтармау, несиені заңсыз пайдалану) залалды толықтай өтеген кезде қылмыстық қудалауды тоқтау үшін негіздемелер қарастырылуда.

 Сондай-ақ, кәсіпкерлерге олардың көшірмелерімен қызметін жалғастыруға мүмкіндік бере отырып, бухгалтерік құжаттарды алып қоюмен байланысты проблеманы шешу жоспарланған.

«Осы және басқа да өзгерістер бизнес ахуалды жақсартып, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі жасайтын әкімшілік тосқауылдар мен олқылықтарды жояды», - деп атап өтті Қ. Қожамжаров.

«Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев       сондай-ақ бизнестегі жүйелі проблемаларды шешудегі бірлескен күштердің тиімділігін атап көрсете отырып, Бас прокуратураға табысты ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

Ол квазимемлекеттік сектордың қызмет түрлерінің негізділігін тексеруді, сондай-ақ қала құрылысы құжаттары және жер учаскілері туралы ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жер және сәулет-құрылыс инспекциясының мемелекеттік бақылауына талдау жасауды ұсынды.

Ұлттық палата жүктелме сақтандыруды енгізуге, өзін-өзі реттеуді күшейтуге, бизнесті жүргізудің кәсіби және этикалық стандарттарын жоғарылатуға, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолданыстағы статистикалық  есепке алу құралдарын шоғырландырған Бірыңғай бизнес тізілімін құруға бастамашылық етті.

 Бас Прокурор өткізілген талқылауды қорытындылай отырып, бизнес саласында әлі де шешімін таппаған бірқатар аспектілердің бар екеніне қатысушылардың назарларын аударды, оларды жою үшін бірлескен жаңа шараларды қабылдау қажет етіледі.

Өткізілген талдау қорытындысы бойынша жаңа Жол картасы бекітілді, оған бәсекелестікті және мемлекеттік-жеке серіктестікті одан әрі дамыту бойынша кешенді іс-шаралар, сондай-ақ экология, еңбек, жер және ветеринария салаларында уәкілетті органдардың тексерулерді тағайындауына қойылатын талаптарын қайта қарау бойынша нысаналы жұмыс енгізіледі деп күтілуде.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

     

 

Бас прокуратурада Бизнесті қорғау бойынша кезекті форум өтті - 496081924

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу