Бас прокуратурада азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және бюджет қаражатын жымқыру мәселелері талқыланды

28 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және бюджет қаражатын жымқыру мәселелері талқыланды - 792920157

2019 жылғы 28 қазан. Нұр-Сұлтан қаласы. Бас прокуратура алқасының отырысында мемлекеттік қаражатты, соның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаражатты жымқырумен байланысты қылмыстық істерді тергеу кезіндегі заңдылықтың жай-күйі, сондай-ақ халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемалары талқыланды.

Ғизат Нұрдәулетов мемлекеттің ақшасы көп жағдайда азаматтарға жетпейтінін атап өтті. Теріс пиғылды шенеуніктер мен кәсіпкерлер сол қаражаттарды заңсыз иеленуді тоқтатпай отыр.

Бас Прокурор бюджет қаражатының жұмсалуына тиісті бақылау жасау сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономиканың салдарын жойып қана қоймай, сондай-ақ түпкілікті мақсат – халықтың өмірін жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондықтан да ол құқық қорғау органдарының басшыларын халық қаражатын тиімсіз пайдалану мен ұрлауға байланысты құқық бұзушылықтардың қатаң жолын кесуге және ондай бұзушылықтар үшін міндетті түрде жазалауды қамтамасыз етуге шақырды.

Айталық, 2017 жылдан бастап құқық қорғау органдары 66 млрд.теңге шығынымен 6 мың (5940) қылмыстық істі тергеді. Олардың жартысы (2 685) қазірдің өзінде сотқа жіберілді.

Сондай-ақ, алқада халықты тегін берілетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Қадағалау органында Үкімет Денсаулық сақтау министрлігіндегі тексерудің нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша ұсыныстың қаралғанын атап өтті.

Прокурорлық ден қою актілері бойынша жіберілген бұзушылықтар үшін 48 лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 3-уі лауазымдарынан босатылды.

Өз кезегінде, алқа отырысына шақырылған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әзірленіп жатқан Жол картасы мен жағдайды жақсартуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Отырыс соңында ведомствоға денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша шет елдердің оң тәжірибесін алу, сондай-ақ дәрілерге бағаны қалыптастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмау ұсынылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу