Құрметті блог оқырмандары!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сіздерді Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Біз биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойын атап өтеміз!

Ұлы Отан соғысын есте сақтау - қасиетті парыз. Қанша жыл өтсе де, жеңіске жеткендердің ерлігі халқымыздың рухы, батырлығы және отансүйгіштігінің үлгісі болып келеді.

Біз ұрыс алаңында жаумен ерлікпен шайқасқан және тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерді құрметтейміз.

Фашизмді талқандап, біздің аталарымыз бен әкелеріміз болашақ ұрпаққа бейбітшілік сыйлады.

Соғыс жылдарында Қазақстаннан бір жарым миллионнан астам отандасымыз, соның ішінде 440 прокуратура қызметкері жұмылдырылған екен.

Олардың арасында Бауыржан Момышұлы, Мұса Баймұханұлы Баймұханов, Нұркен Әбдіров, Өтеген Сейітұлы Сейітов, Иван Степанович Гапич, Фазыл Әділбаев, Садық Абдужаппаров және басқалар бар.

Біз майдан көрген ардагерлерімізді мақтан етеміз.

Жеңіс күні қарсаңында Отан қорғаушылар күні атап өтіледі.

Бұл күн бейбіт өмірдің күзетінде тұрғандардың ерлігі мен батырлығын бейнелейді және аға ұрпақ дәстүрінің жалғасы болып табылады.

Баршаңызға денсаулық, табыс, бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін!